ҚХА ХХХІІ сессиясының бірінші күні аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен ҚХА қоғамдық құрылымдарының активімен жұмыс кездесуі өтті
ҚХА ХХХІІ сессиясының бірінші күні аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен ҚХА қоғамдық құрылымдарының активімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Аида Балаева Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің үдемелі және тұрақты дамуына негізделген мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі өзегі болып табылатын Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда өз миссиясын табысты атқарып жатқанын атап өтті.
Іс-шараға ЭМБ, Аналар кеңесінің, "Жастар Ассамблеясының", медиация кеңесінің басшылары қатысты. Кездесуге Павлодар облысы делегациясынан ҚХА Аналар кеңесі мен "НҰР-АНА әлемі" ҚБ төрағасы Максилова Бақытжамал Шаханқызы және Павлодар облысы "Жастар Ассамблеясы" РҚБ өкілдігінің төрағасы Смайылов Рамиль Русланұлы қатысты.
Павлодарским областным обществом поляков «Полония» проведен круглый стол «Трагедия депортации поляков - общая боль и память»
В Доме Дружбы Павлодарским областным обществом поляков «Полония» проведен круглый стол «Трагедия депортации поляков - общая боль и память», посвященный Дню памяти жертв политических репрессий. Беседуя за круглым столом ветераны, члены семей депортированных с болью в сердце говорили о трагических событиях далеких 30-х годов прошлого столетия, которые не обошли стороной сотни судеб депортированного польского народа. Сегодня для многих семей поляков Казахстан стал вторым отчим домом, где в мире и согласии живут и трудятся представители различных этносов.
ҚХА Павлодар облысы Аналар кеңесінің отырысы
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар облысы Аналар кеңесінің өткізген отырысына ҚХА төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Павлодар облысы бойынша іскер әйелдер Ассоциациясы» ҚБ-нен Аналар кеңесінің мүшесі А.Дяк, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Н. Кубенова және кеңес мүшелері қатысты. Жиынды аймағымыздың Аналар кеңесінің төрайымы Б. Максилова жүргізді.
Күн тәртібінде Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасарын және хатшысын сайлау, Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесінің ағымдағы жылдың бес айында атқарған жұмыстары бойынша есеп және Аналар кеңесінің 2023 жылғы 2 жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат тыңдалды.
Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары болып финно-угор этномәдени орталығының төрағасы О. Николашина және хатшы болып Ақтоғай ауданынан Аналар кеңесінің мүшесі К.Карагужинова сайланды. Осы жылы Павлодар облысы Аналар кеңесінің атқарған жұмысына баса көңіл аударған төраға Б.Максилова «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт», «Менің отаным – менің отбасым», «Бақытты ана - бақытты отбасы» «Ана бақытты болса, бала бақытты» жобалары бойынша 4 бағыттағы жұмысты белсендету қажеттігін атап өтті. Отырыста басқа да сұрақтар қарастырылды.
Отырыста сөз алған ҚХА төрағасының орынбасары А. Дяк жобаларды іске асыру жұмысын күшейту жөнінде ой-пікірімен бөлісіп Аналар кеңесіне сәттілік тіледі.
«Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпаздары бүгін облыстық ERTIS телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына қатысты
Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпаздары бүгін облыстық ERTIS телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасына қатысты. «Жігіт сұлтаны-2023» атағын жеңіп алған Элвин Магаррамов пен «Өнерлі жігіт» номинациясының иегері, ең жас сайыскер Дмитрий Бабулиди «Қоғамдық келісім» КММ-ның ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілген «Жігіт сұлтаны» байқауынан алған әсерлері, маңызы туралы қызықты әңгіме өрбітті. Мұндай шаралардың жас ұрпаққа берері көп екеніне тоқталды.
ҚХА Аналар кеңесі мен «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері облысымыздың Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында өткен мәдени іс-шараға қатысты
Бүгін ҚХА Аналар кеңесі мен «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері облысымыздың Ақтоғай ауданы Қараоба ауылында өткен мәдени іс-шараға қатысты. Мерекелі шара аясында ұлағатты ұстаз, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері, жазушы, бар саналы ғұмырын еліміздің дамуына арнаған ардақты қария Мақтай Әйтімқызының мерейлі 95 жасқа толуына байланысты, ҚХА Аналар кеңесі мен «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б. Максилова Павлодар облысының «Дара жол» төсбелгісін табыс етті.
Сондай-ақ, ауданның тыныс-тіршілігіне белсене араласып, ел басқару жолында екпінді еңбек үлгісін көрсетіп жүрген Қараоба ауылдық округінің әкімі Шолпан Муритқызы Алғыс хатпен марапатталды.
Кездесуде «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі шығармашылық ұжымының өнеріне ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдірді.