«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Т.Г. Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі” облыстық қоғамдық бірлестігі

«Т.Г. Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестіг»

Төрағасы Михаил Сергеевич Парипса

«Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігі 1993 жылы құрылды.
Мақсаты: Қазақстанда тұратын украиндықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және мәдеиетін жаңғырту, өңірдегі ұлттар достығы мен өзара келісімді нығайту, Тәуелсіз Қазақстан елінің мәдени және экономикалық даму үрдісіне украиндықтарды тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Бірлестік құрамында негізінен басқарма, ақсақалдар алқасы кіреді. Серіктестікте жастар қанаты, кітапхана, оқу залдары, украин шамшырағы жұмыс істейді.
Украин ұлттық орталығында халық хоры коллективі, Чаривни струны» бандуристер вокалды аспаптар ансамбілі, «Лілея» және «Джэрэло» жастар вокалды ұжымдары, «Вэсэлка» хореографиялық ұжымы бар.
1993 жылдан бастап Ертіс өңірі украиндерінің мәдени және әлеуметтік-экономикалық өмірінен сыр шертетін «Украинская родына» атты бағдарлама облыстық радио эфирінде шыатын болды.
Серіктестік Қазақстан украиндары Қауымдастығының мүшесі, Дүние жүзілік украиндер үйлестіру кеңесінің (Киев қ.), Дүниежүзілік украиндер конгрессінің (Канада) мүшесі.
Екібастұз, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Тереңкөл, Шарбақты, Успен, Павлодар аудандарында филиалдары бар.

Мекен-жайы:
Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1, 307 каб.
Электронды мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы