Ассамблея народа Казахстана

Павлодарской области

ҚХА ХХХІІ сессиясының бірінші күні аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен ҚХА қоғамдық құрылымдарының активімен жұмыс кездесуі өтті

ҚХА ХХХІІ сессиясының бірінші күні аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен ҚХА қоғамдық құрылымдарының активімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Аида Балаева Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің үдемелі және тұрақты дамуына негізделген мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі өзегі болып табылатын Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда өз миссиясын табысты атқарып жатқанын атап өтті.
Іс-шараға ЭМБ, Аналар кеңесінің, "Жастар Ассамблеясының", медиация кеңесінің басшылары қатысты. Кездесуге Павлодар облысы делегациясынан ҚХА Аналар кеңесі мен "НҰР-АНА әлемі" ҚБ төрағасы Максилова Бақытжамал Шаханқызы және Павлодар облысы "Жастар Ассамблеясы" РҚБ өкілдігінің төрағасы Смайылов Рамиль Русланұлы қатысты.

Токаев Касым-Жомарт Кемелевич

Председатель Ассамблеи народа Казахстана