Павлодар ауданының Пресное ауылында Аналар кеңесінің отырысы өтті
Бүгін Павлодар ауданының Пресное ауылында Аналар кеңесінің отырысы өтті. Оған Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесі мен "НҰР-АНА әлемі" ҚБ төрайымы Б. Максилова және аудан бойынша аналар кеңесінің төрағалары қатысты. Жиында ауданның Аналар кеңесінің жұмысы туралы есептер тыңдалып, "мәдениетті ана-мәдениетті ұлт" жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Кеңес жұмысына аудан әкімі Н. Дычко қатысты. Жұмысты үйлестіру барысынды белсенділік танытып, ерекше көзге түскен әйел көшбасшылар Алғыс хаттармен марапатталды. Луганск ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрағасы Н.П.Кузьменкоға "Дара жол" медалі табысталды.