Ассамблея народа Казахстана

Павлодарской области

«Ұлылардың ұлысы – Абай» фестивалі

2022 жылдың 10 тамыз күні Достық үйінде Қазақстанда 2020 жылдан бері атап өтілетін Абай күніне арналған «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты фестивалі өтті. Биыл біз ақын, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және ағартушысының 177-жылдығын мерекелеп отырмыз. Мерекелік іс-шара ҚХА қоғамдық құрылымдары өкілдерінің, Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, Әкелер кеңесі мен Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Ұлы ойшылдың рухани мұрасын елімізде тұратын барлық этнос өкілдері мұқият сақтайды. Оның дәлелі-фестивальге қатысушылардың, оның ішінде Абайдың ең танымал шығармаларын орындау үшін облыстың түкпір-түкпірінен жиналған Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің белсенділері болды. Танымал әндердің әрбір жаңа интерпретациясын көрермендер үлкен қошеметпен қарсы алды. Іс-шара соңында фестиваль қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал Павлодар облысы Әкелер кеңесінің төрағасы Жанарыс Қызыр орындаушыларға Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика», Ахмет Байтұрсыновтың «Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін..» және Мыржақып Дулатовтың «Оян қазақ» атты соңғы басып шығарылған кітаптарын табыстады.

Токаев Касым-Жомарт Кемелевич

Председатель Ассамблеи народа Казахстана