Ассамблея народа Казахстана

Павлодарской области

Жерлесіміз, ақын, суретші, қазақ батырлары, Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы кітаптардың авторы Константин Лунинге құрмет көрсетілді

Бүгін Достық үйінде Павлодар облысы ҚХА мемлекеттік органдары мен этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен жерлесіміз, ақын, суретші, қазақ батырлары, Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы кітаптардың авторы Константин Лунинге құрмет көрсетілді. Константин Васильевич керемет аудармашы. Бүгінгі кездесуде ол өзінің Сұлтанмахмұт Торайғыровтан аударған өлеңдерін ерекше шабытпен оқып берді. Ертіс-Баян өңіріндегі этносаралық қатынастарды нығайтуға және әдебиет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Константин Васильевич Лунин Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" медалімен марапатталды. Марапатты "Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" ММ басшысының міндетін атқарушы А. Раисова және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының "Буковина" Румын-молдаван" мәдени қоғамы" ҚБ төрағасы А. Дяк табыс етті. Қазақ халқының дәстүрі бойынша құрметті ақсақалға шапан сыйға тартылды.

Токаев Касым-Жомарт Кемелевич

Председатель Ассамблеи народа Казахстана