«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

“Белорусь” Мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігі

«Здравец» Павлодар облыстық болгар ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі

Төрайымы Валентина Николаевна Шатова

«Здравец» Павлодар облыстық болгар ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 2002 жылы құрылды.
Мақсаты: Өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау, Қазақстан мен Болгария мемлекеттері арасындағы достықты нығайту, болгар тілін оқыту, болгар халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрін жаңғырту болып табылады.
Құрылым құрамында басқарма, Ақсақалдар алқасы, Аналар кеңесі, жастар қанаты жұмыс істейді. Ұлттық жаңғыру мектебінің болгар бөлімінде Болгариядан арнайы шақыртумен келген оқытушы дәріс береді.
Орталықта «Лазарки», «Българска Роза» шығармашылық ұжымдары жұмыс істейді. Бірлестік «Родно слово», «Раушан гүлдер мерекесі» сияқты ұлттық мерекелер қайта жаңғырып, патриоттық тәрбие беру бағытында жұмыстар атқарылып келеді.
Ұлттық мәдени орталық Республикалық болгарлар орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Ақтоғай, Ертіс және Тереңкөл аудандарында филиалдары  бар.

Мекен-жайы:
Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1, 316 каб.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы