«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Буковина» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі

«Буковина» румын-молдован мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Төрайымы Аурика Георгиевна Дяк

«Буковина» румын-молдован мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Буковина» РММҚ» ҚБ) өз қызметін өңірлік ҚХА құрамында 2013 жылдан бастады. Ресми мемлекеттік тіркеуден – 2015 жылғы 29 қыркүйекте өтті.
Мақсаты: Өңірдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту, румын және молдован мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрыптарын қалпына келтіру және сақтау.
«Букавина» РММҚ» ҚБ негізінде Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, жастар қанаты қызмет атқарады. Сондай-ақ, «Сперанце» жастар вокалдық ансамблі, сахналық шеберлік студиясы, «Аураш» балалар вокалды тобы, қолданбалы қолөнер үйірмесі, «Родник добра» атты еріктілер клубы жұмыс жасайды.
Румын тілін, этностың тарихы мен мәдениетін жастарға насихаттау мақсатында Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде румын-молдаван бөлімі ашылды.
«Букавина» РММҚ» ҚБ облыстың ҚХА-ның ауқымды іс-шараларына, мемлекеттік мерекелерге, фестивальдарға, байқауларға белсенді қатысады, сондай-ақ көне күнтізбелік және салт-дәстүрлік мерекелерді жаңғыртып, бірқатар жобаларды жүзеге асырды:
Святки»,«Плугошор»,«Мэрцишор»,«Жүзім теру фестивалі».
Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында патриоттық жоба аясында «Война. Победа. Память поколений» тақырыбында патриоттық акциялар, марафондар өткізіледі. Ақын Л.Асееваның «Живое слово -ключ небес» (2018 ж.) өлеңдер жинағы, Ұлы Отан соғысының қаһарман жауынгерлері туралы естеліктер «Помню и горжусь…» (2019 ж.)  атты аудиоальбомы, «Истории боевых побед» жинағы (2020 ж.) жарық көрген болатын.
«Мэрцишор» румын шығармашылығының республикалық фестиваліне жыл сайын қатысып жүрген «Букавина» РММҚ» ҚБ шығармашылық ұжымдары Қарағанды қаласы «Дация» румын мәдени қоғамымен тұрақты әріптестік орнатты.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, көп балалы отбасылардың балаларына қайырымдылық көмек көрсету мақсатына бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Мекен-жайы:
Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көш., 35/1, 410 каб.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы