«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ

Төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова

Аналар кеңесінің міндеттері:

Кеңестің негізгі міндеттері - отбасы мен ана институттарын нығайту, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу бойынша шаралар қабылдау арқылы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсатының жүзеге асырылуына ықпал ету.

Кеңес келесі міндеттерді атқарады: 

- отбасы және ана институттарының мәртебесін нығайту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясына, мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға сипаттамалар мен ұсыныстар әзірлеу;

- қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бірегейлігін қалыптастыру және тәрбиелеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- ұлтаралық келісімді, толеранттылық қатынастарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және сақтау, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды құрметтеу;

- рухани және дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға көмек көрсету;

- жалғызбасты аналар мен көп балалы аналарға әлеуметтік мәселелерді шешуде кеңес беру;

- жастар ортасында асоциалды мінез-құлықтың алдын алу; аға ұрпаққа мейірімділік пен рухани сезімталдықты тәрбиелеу;

- отбасы мен ананың жағымды имиджін тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық бастамаларды, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам институттары мен басқа ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын қолдау және дамыту;

- отбасылық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдағы отбасының жағымды имиджіне, сондай-ақ осы саладағы іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу; отбасылық әл-ауқат пен ата-аналардың жетістіктерін танымал ету;

- Кеңестің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы