«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Облыс Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсу филиалы

Қазақстан халқы ассамблеясының  Ақсу филиалы 2012 жылы құрылды.
Ақсу аймағында 56 ұлт пен ұлыс қоныстанған, мұнда 11 этномәдени бірлестік бар: славян, украин, неміс, чешен-ингуш, татар, белорус, қарашай-черкес және қабарда-балкар, әзербайжан, өзбек, молдаван және «Нұр-Ана әлемі» ҚБ филиалы. Барлық бірлестіктерде жастар қанаты жұмыс істейді.
Селолық округтердің этномәдени бірлестіктері мәдени-сауық үйлері базасында жұмыс істесе, қалалық ҰМБ С.Дөнентаев атындағы  қалалық мәдениет сарайы жанында жұмыс істейді.
Ақсақалдар алқасы, Аналар кеңесі мен жастар кеңесінің филиалдары сайланған.
Этномәдени бірлестіктер жұмысы ұлттардың ана тілдерін үйрену, халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жаңғырту және жастарды отансүйгіштікке  баулуға бағытталған. Ана тілдерін оқыту жұмыстары жексенбілік мектептер мен тілдік курстарда жүргізіледі.
Этномәдени бірлестік өкілдері дөңгелек үстелдерде, мемлекет саясатының маңызды мәселелері бойынша өткізілетін диалог алаңдарына  қатысады.
Өңірде аталынып өтетін мемлекеттік мерекелер, әртүрлі мәдени-бұқаралық шаралар мен қайрымдылық акцияларына аталған мәдени орталықтар  белсене араласады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы