«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

"НҰР-АНА әлемі" қоғамдық бірлестігі

Павлодар облыстық «НҰР-АНА әлемі»
қоғамдық бірлестігі

Төрайымы Бақытжамал Шаханқызы Максилова.
Сонымен қатар БШ. Максилова облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы болып табылады.

«Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы, қазіргі таңдағы «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігі (әрі қарай - «Нұр-Ана әлемі» ҚБ), 1991 жылы құрылды.
Құрылу мақсаты - қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту және насихаттау, ана тілін, тарихты, мәдениетті үйрету, қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу.
«Нұр-Ана әлемі» ҚБ жанында «Ару-Ана» вокалдық ансамблі, «Мейірім» келіндер клубы, «Нұр Болашақ» жастар қаңаты жұмыс істейді.
Бұқар Жырау атындағы облыстық өнер және әдебиет мұражайы, Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылық мұражай-үйімен, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайымен, облыстағы білім беру мекемелерімен, балалар үйлерімен, мүгедектер мен қарттар үйімен өзара жұмыс жасайды. Ынтымақтастық жасудың негізгі формасы халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсету, қайырымдылық акциялар мен концерттер ұйымдастыру болып табылады.
«Нұр-Ана әлемі» ҚБ-нің Екібастұз, Ақсу қалаларында, Ақтоғай, Аққулы, Баянауыл, Ертіс, Железин, Май, Павлодар, Успен, Тереңкөл, Шарбақты аудандарында филиалдары бар.

Мекен-жайы:
Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп к-сі, 35/1, 309 - каб.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы