“Тіл арқылы бейбітшілік пен ынтымақтастыққа» Қ.Б Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің білім беру қызметінің басты қағидасы.
Мектептің құрылу тарихы. Мектепті құру оның қызметкерлерінің ойы емес, оған Ертіс өңірі этностарының өкілдерінен бастау алып, 90-жылдары сыныптар мен ұлттық тілдерді жаңғырту, салт-дәстүрлерді дамыту бойынша үйірмелер белсенді әрі шығармашыл қызметін жүргізді. Мектепті құруға басты ой салған Павлодар облысының Қазақстан Халық ассамблеясы. Осыдан 1997 жылы мектеп өзінің алғашқы ұлттық мәдениетті тануға, ана тілінде сөйлеуге және ән айтуға ұмтылған 200-ден астам оқушыларын құшақ жая қарсы алды. Айтарлықтай бұл Ассамблеяның бастауы ойдан шыға алды, олар қолдан келгенің жасап жаңалыққа жол ашып,мектептің Павлодар облысының Қазақстан Халық ассамблеясының мәдени –білім беру қанаты ретінде пайда болуы үшін өзіне бұл істің болашағын ашты. 2012 жылы мектепке танымал қоғамның қайраткері облыс ассамблеясының құрылуы мен дамуына үлесін қосқан және мектептің негізін қалаушысы Қ.Б Даржұманың аты берілді.
Бұлайша мектеп құрылды, Павлодар қаласының қосымша білім беру жүйесінде 17 жыл бойы тиімді қызмет атқаруда. Оның алғашқы түлектері табысты жастар: өздерінің «кішкентай ассамблеяшыларын» тәрбиелеуде, біздің сабақтарға кезінде ата-аналары қатысқандай этномәдени құндылықтарды жетік меңгеруде, бөлімше шығармашылық алаңдарында толеранттық танытуда, ата-аналарын өзінің сөйлеу және этномәдени дағдыларымен таң қалдыруда. Мектеп қызметінің уақытында 231 түлектері мектеп ұлттық бөлімшелерінің келесі пәндер бойынша толық курсын өткені жайлы сертификаттарға ие болды: ана тілі, мәдениет, салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар.
Осы уақытта мектепке таяу және қиыр шетелден жүзден астам балалар мен жасөспірімдер келді. Байыпты және көңілді, тынық және ұшқалақ, барлық балалар сияқты ана тіліне әліппеден бастап қызыл тілге дейін меңгереді, ұлттық құндылықтарға ие болады, адамгершілікке үлгі алады. Бұл сабақтастық тепе-теңдіктің негізгі көрсеткіштерінің бірі, әрбір тәрбиеленушіге «саналуандықта бірлік» ұстамы бойынша тағдыр бірлігін түсіндіру. Бұл ой мектеп қызметінің мазмұнының басты қағидасы болып табылады. Бүгінгі таңда мектеп –бұл толеранттық қатынасу алаңы болып табылады, этносаралық қарым-қатынас жасауға сабақтастыққа жағдайлар жасалған. Бұл ұлттық сыныптар, оқушылардың қоғамдық дамуына жобаларға, байқауларға, өнер фестивальдеріне қатысу арқылы іске асады. Бұл аудитория отаншылдық сезімнің көрінісі, Ертіс өңірі этностарының рухани құндылықтарын дамыту және сақтау көрінісі. Мектептің құрылу кезеңінде 1997 жылдан бастап 2000 жылдары Қазақстан Республикасының білім озаты мұғалім Г.Жумадирова мектеп директоры болып сайланды. Мектеп тұжырымдамасын қорғай отырып, Польша республикасынан маманды шақыра отырып мектеп кадрлық әлеуетін арттыра мектептің саналуанды кеңістігіне алғашқы қадамын жасады. Бұлайша 10 ұлттық бөлімшелердің білім беру процессі басталды. Бұл армян, әзірбайжан, кәріс, шешен-ингуш, еврей, украин, неміс, татар-башқұрт, поляк, чуваш топтары. Ал 2000 жылдан 2005 жылдары эстафетаны К.Ахметова қабыл алады- тәжірибесі мол педагог, Қазақстан Республикасының білім беру озаты. Бұл кезеңнің ерекшелігі болып болгар, грек, беларус бөлімшелерінің және екі қазақ және орыс мәдени орталықтарының ашылуы болып табылады. Бұл кезеңде мектеп білім базасында педагогтар арасында п.ғ.к профессор К.Кожахметованың қатысуымен, мектептің ерекшелігін және рухани құндылықтарының жаңғыруының маңыздылығын айта кеткен, алғашқы республикалық семинар өтті. Ал 2005-2007 жылдары ерекше болған оқиғалар: беларус бөлімшесінің педагогы Қазақстан Республикасының озаты Л.Рябинаның жұмыс тәжірибесінің қорытындысы; бұл мектептің 10-жылдығы және оның даму жолындағы сапалы деңгейі. Мектептің тоғыз түлектері республика ЖОО түсті: Польша, Болгария, Израиль, Украина. Ұлттық бөлімшелердің 50-ден астам балалары өздерінің шығармашылық дағдыларын белсенді түрде көрсеткендері үшін туристикалық, сауықтандыру жолдамаларымен марапатталды. Бұл уақытта креативті директор З.Карпсеитова басшылық етті. Мектеп дамуының тарихында ерекше үлес қосқан 2007жылдан 2012 жылдары Б.Ахажанова , Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе отырып мектеп жоспарын бекітті, қазақ мәдениетінің элементтері педагогтардың авторлық бағдарламаларына енгізілді, «Этнокультурные этюды» оқыту-әдістемелік құралы п.ғ.к профессор Г.Суюновамен рецензияланған түрде шықты, онда этномәдени ортада саналуанды тұлғаны дамыту мәселесі бойынша мектеп мұғалімдерінің тәжірибе жұмыстары көрсетілді. Бұл мектеп дамуының сапалы құрылуы Достық үйінің жаңа ғимаратына көшуімен қатар келді. Мектеп өміріндегі 2008 оқу жылындағы беттері ұмытылмастай болды. Бұл болгар, грек, қазақ мәдени орталықтарының тәрбиеленушілерінің Ел басымен ашық сабақтарда кездесу болып табылады. 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мектепке тәжірибелі маман Е.Айтқұлов басшылық етіп, мекеменің білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша Павлодар облысының Қазақстан Халық ассамблеясы және тілдер басқармасымен тиімді ынтымақтастықта жұмыс атқаруда.
Өзінің 17-жылдық даму және білім беру қызметінде сандық және сапалық өзгерістер болды. Бұл ұлттық бөлімшелерінің санының 10-нан 17-ге дейін артуы. 2008 жылы кабардин-балқар және қарашай-черкес бөлімшесі ашылды педагог М.Байрамкулова, 2014ж-өзбек бөлімшесі педагог Н.Хамданова, шығармашылық шеберханалар саны 3-тен 7-ге дейін, балалар саны 200-ден 500 адамға жетті. Жыл сайын адамгершілік негіздері, толеранттық, ұлттық бірлік идеясын меңгеру бойынша тәрбиеленушілер саны артуда.
Мектеп өзінің білім беру қызметін нормативті-құқықтық құжаттармен сәйкес іске асырады. Білім беру мазмұны педагогтардың авторлық бағдарламалары негізінде, мектепте жеке бекітіліп іске асады. Ұлттық бөлімшелерде оқу-тәрбиелік процес , эстетикалық циклдер сабақтарында педагогтармен таңдалған технологиялармен,әдістермен, іске асады.
Мектеп тәжірибесі мен іс-тәжірибесі, мектепте 3 кезеңді білім беру тілге деңгейлі кіріспені ескере отырып, ассамблеяның этномәдени бірлестіктерімен, этномәдени, эстетикалық, қала кітапханаларымен, орта білім беру мектептерімен бірлесе отырып жұмыс атқару балалар мен жасөспірімдердің тұрақты тәжірибелі-бағдарлы дағдыларының дамуына негіз болады. Тәрбиелік жұмыс тәрбиеленушілер қажеттіліктерін, бейімділіктерін ескере отырып, жүйелілік, сабақтастық және өмірлік жағдайлар принциптеріне сүйене отырып жүргізіледі.
Мектептің негізгі мақсаты - мәдениет аралық ортада толеранттық бейбітшіл қарым –қатынасты дамыту. ҚР мәдениетті әрі білімді, отанының тағдыры үшін жауапкершілік сезінетін азаматты тәрбиелеу. Білім беру қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасалған: оқу сыныптары, компьютер сыныптары, интер белсенді тақталар, кітапхана, электронды кітаптар. Тек осы оқу жылы ғана кітапхана қоры этно әдебиет 200бірліктеріне толды. Оқу мекемесі білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, 24 педагогтардан тұрады. Олардың ішінде 85% жоғары білім, 40% - жоғарғы бірінші санатты. Поляк бөлімшесінде Р.Бадзынский маман жұмыс істейді, Польша Р және ҚР ғылым және білім министрлігімен мектепке шақырылған, болгар Г.Йорданова- Болгария Республикасынан маман. Тілдік орта, оқыту –ойын қызметінде жетістікке жету жағдайын жасау, ұтқырлық, отбасылық жылу және психологиялық тыныштық - бұл ынталандырулар, оқушыларды бейбітшілік,тепе-теңдік және бірлік әлеміне терең кірісуге көмектеседі. Жалпы мектепішілік мемлекеттік іс-шаралар, Ертіс өңірі этностарының күнтізбелі-дәстүрлі мерекелерінің мазмұны, мектептің дәстүрлі оқиғалары: салтанатты жиын, ана тілі және мемлекеттік тілдегі көркем оқу байқауы, «Бірлік» этнофестивалі біріктіру деңгейінде өтеді. Сондықтан мұндай іс-шаралардың негізгі тақырыптары болып: « Казахстан –наш общий дом», «Звучи домбыра и бандура», «Хоровод дружбы», «Венок мира», «Язык каждого народа: и прекрасен, и велик», «Мы разные, равные» және т.б. Мұндай іс-шаралар өту барысындағы әр түрлі тілділік, түстер еліргендігі, ынтымақтастық бірлігі әлемнің өзінің саналуандығында тұрақты қабылдауды дамытады. Ұстаздардың әдістемелік мәдениетін дамытудағы ынтасын арттыруда мектеп директорының орынбасары Ж.Байманова және әдістемелік бірлестік жетекшілері С.Аракелян, А.Апушева білдіреді. Мектеп құрылуының қайнарында тұрған ұстаздармен олар Р.Серажетдинова татар-башқұрт бөлімшесі, Л.Мусселиус,Н.Гомзякова эстетикалық топтардың хореографтары және жас мамандар Г.Гигориади украин бөлімшесінің мұғалімі, А.Боброва грек бөлімшесінің мұғалімі, Н.Муканова кәріс бөлімшесінің мұғалімімен тәрбиеленушілермен жаңа балама білім беру түрлерін іздеуде,қазақстандық ұқсастығын қалыптастыруға бағытталған. Педагогтар Л.Опиева, И.Петрова, А.Сагатова, А.Аубакирова, С.Ибрагимова байқаулар, конкурстар, бағалау критериилерінің құрушылары болып табылады. Тек қана осы жылы мектеп жетістігінің жинақ сандықшасы педагогтар жетістіктерімен толықтырылды. Солайша «Методический вернисаж» республикалық байқаудың әлеуметті-педагогикалық бағыты бойынша «Развитие коммуникативной и этнокультурной компетенции учащихся на занятиях армянского отделения школы» авторлық бағдарламасы үшін 3 дәрежелік дипломмен С.Аракелян марапатталды, еврей бөлімшесінің ұстазы И.Твиритнева «Из глубины веков» халықаралық конкурс нәтижесі бойынша тәрбиеленушісі В.Голубничтің 3 орынға ие болып, жетістіктері үшін грамотамен марапатталды; «Крессе» республикалық көркем оқу байқауының дипломдарының иегерлері болып поляк бөлімшесінің тәрбиеленушілері Сокоренко В, Макарова Н.; ІІІ қашықтық татар тілі және әдебиеті халықаралық олимпиадасының нәтижесі бойынша татар-башқұрт бөлімшесінің тәрбиеленушілері Иванова М, Рафиков Ф, Рафикова Р, Арсланов И, Ибрагимова Р, Ибраева А өтті ;Астана қаласында кәріс тілі бойынша халықаралық тестілеуде бірінші деңгейді кәріс бөлімшесінің оқушылары Каленова А, Мишелева С өтті; қазақ мәдени орталығының тәрбиеленушісі С.Кизат «ХІҮ Сатпаев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясының «әлеуметтану» секциясында І деңгейлі дипломмен марапатталды... Мектептің ресми парақшасы болып шығармашылық шеберханалардың жарқын өнер көрсетуі: «Достық» домбыра ансамблі, «Мөлдір», «Арай» халықтық ансамбльдер, М.Ершованың жетекшілгіндегі вокалды-хорды студиясы, Р.Корабай вокал студиясы. Ю.Ефимованың музыка сабағына қатысушылары, Е.Софронованың сәнді қолданбалы қолөнер және т.б бағдарламаның идеялы-шағармашыл мазмұндары ұлттық бірлікті сақтауға бағытталған. Қоғамның және ата-аналардың оң пікірлері бүгін де, толерантты тұлға- бұл мектептік отбасының беріктігінің кепілі, бұл мықты ел, болашаққа деген мықты көпірді білдіреді.
Мектеп директоры: Е.Айтқұлов
Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі
Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі қосымша білім беру мекемесі ретінде ҚР халқының мәдени мұраларына оқыту арқылы балалардың және жасөспірімдердің жеке, әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасалған. 1997 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы қолдауымен 2012 жылы осы білім ордасына Қ.Б.Даржұман атағы берілді.
Мектеп өз қызметін «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Ел бірлігі доктринасы» Заңдары және қазіргі ереже негізінде жүзеге асырады. Білім беру мазмұны мектеп әзірлеген, бекітетін және жүзеге асыратын оқу бағдарламалар арқылы іске асады. Ұлттық бөлімдердегі оқу процесі эстетикалық топтама дәрістерінде, этномәдени ортада жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға бағытталған.
Оқу-тәрбие жұмыстары негізінен этномәдени ортада полимәдени тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды мектеп педагогтарының технологияны, әдістемені дұрыс таңдауының арқасында жүзеге асады.
2012-13 оқу жылда оқытумен 14 ұлттық бөлімше мен 2 мәдени орталықта жалпы саны 566 бала дәріс алуда. Әр бөлімшеде түрлі деңгейдегі топтар, дәрістік сабақтар - тақырыптық жоспар мен кесте негізінде жүзеге асады.
Мектеп тілдерді үйретуде авторлық бағдарламалар және жалпы концепцияларды қолдануда. Оқу бағдарламаларына мемлекеттік тілді, салт-дәстүр сабақтары, қазақ халқының әдет-ғұрпын дәріптеуге арналған. Біздің педагогтар бірнеша әдістемелік және нұсқаулықтардың авторлары болып табылады. 2004 жылы «Болгар салт-дәстүрлері» атты оқу құралы жарыққа шықты, ал 2011 жылы «Этномәдени белестер» атты оқу құралы, халықтардың этномәдени мұраларын меңгеру бойынша сөйлеу мәнері және тәжірибелік дағдылардың жұмыс тәжірибесін көрсетеді.
Мектепте 33 оқытушы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі келісімімен поляк және олгар бөлімшелерінде Польша мен Болгариядан келген оқытушылар дәріс беруде. Мектеп педагогтарының тәжірибелері мен қызметі көрсеткендей, тіл арқылы бейбітшілік пен келісімге қадам жасауға болатындығы. «Рухани әнші», «Астана – Қазақстан тәуілсіздігі мен бірлігі символы», «Неміс бөлімінде театрландырған әдістер бойынша балалардың коммуникативті дағдыларын дамыту », «Ораза айт», «Адвента күні», «Пурим», «Чусок» сияқты ұлттық нақыштағы мерекелерді атап өту арқылы балалар біздің ортақ байлығымыз – бірлік пен ынтымақтастық қадірлеуге үйренеді. Концерт-сабақтар, саяхат-сабақтар, мұражайлар мен кітапханалар базасында өткен дәрістер, мемлекеттік және өз тілдерінде көркемсөз оқу байқаулары, Сәтпаев оқулары, түркі тілдер апталығы, славян жазбалары апталығы жас ұрпақтың танымдық деңгейін арттырып қана қоймай, ұлттық әдет-ғұрыптар мен құндылықтарды дәріптеуге мол мүмкіндік туғызып отыр.
Күнтізбелік әдет-ғұрыптарды театрландыру, ұлттық ойындарды қолдану, ана тілі сабақтарында халық ауыз әдебиеті шығармашылығын білуге арналған интеллектуалдық сайыстар тілдік білімдерін шыңдаумен қатар, ебек ұжымдында жұмыс істеуге үйретеді.
Мектепте шығармашылық шеберханалар: «Достық» ансамблі, бишілер тобы, бондурашылар ансамбілі, вокалдық топ, «Бірлік» мектеп хоры, «Арай», «Учтаулар» би топтары, декоративті – қолданбалы өнер студиясы жұмыс істейді.
Мектеп көркемөнерпаздар ұжымдарымен мақтанады, олар қалалық, облыстық Қазақстан ұлттарының өнер фестивалдерінде, халықаралық және облыстық сайыстарда жетістіктерге жетіп, оқу орнының мәртебемісін асырып жүр.
Мектеп түлектері ассамблеяның жас қанатын қалыптастырушы және жастар шығармашылық ұжымын құрушы негізгі топ болып саналады.
Мектеп оқушыларын жаңа білім беру қызметімен қамту - педагогикалық ұжымның басты міндеті болып табылады.
darxan-86.wix.com/shkola