«Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және
көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» — Н. Назарбаев
(«Қазақстан-2050» Стратегиясы)

Павлодар облысының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

АМАНДЫҚТА БОЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

Рымкеш СЛАМБЕКОВА, Ақсу қаласының құрметті азаматы, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ұлағатты ұстаз:
Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты  мақаласы жарияланды. Елбасы халқы үшін алаңдап отыр.  Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен сәтте баршаны сабырға, байсал­ды­лыққа шақырып, өзінің ақ тілеуін арнады.
Тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады.  Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Дәл осы тұста бәрімізге халқы­мыз­дың әрдайым үлкенге құрмет көрсе­тіп, кішіге қамқор болатын абзал қа­сиет­тері септігін тигізеді деп сенемін. Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға – қажыр, денемізге – қуат, жүрегімізге - сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуы­мыз керек. Халқымыздың бойын­дағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді, деп қадап айтты.
Сондықтан Елбасының халыққа деген қамқорлығын, жанашырлығын дұрыс түсініп, туған-туыс, отбасы, әріптестер арасында қолдарын жиі-жиі жуып, бетперде тағып жүрулерін айта жүрген абзал. «Сақтанғанды құдай сақтайды». Амандықта  болайық, ағайын!

Н.А.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы